Абай облысында фермерлер дабыл қағуда: аш аюлар бірнеше ауылда үй жануарларына шабуылдай бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жыртқыштар тіпті жайылымға шығып, сиырларға тап беріп, қораларды қиратып жатыр.
Ауыл тұрғындарының сөзінше, ең көп зардап шегіп отырған – Жарма ауданы. КТК телеарнасының мәліметінше, ауыл тұрғындары егістіктен жараланған немесе өлі малды жиі тауып жүр. Олардың айтуынша, аюлар екінші жыл қатарынан малшыларды үрейде ұстап отыр. Биылғы жазда кейбір шаруашылықтар бірден бірнеше бас малынан айырылған. Жыртқыштар кемінде бес ауылдың маңынан байқалған.