Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтауда студенттер арасында төбелес болып, екі жігіт ауруханаға түсті

156

Бұл туралы Маңғыстау облысы білім басқармасына қарасты тәрбиелеу бөлімінің басшысы Құралай Газимова мәлім еткен.

«Түрлі колледждерде оқитын он шақты студент 11 желтоқсан күні төбелескен. Оқиға салдарынан екі жас жігіт Маңғыстау облыстық ауруханасына түсті», – дейді Құралай Газимова.

Білім басқармасының мамандары құқық қорқау органдарының қызметкерлерімен бірлесе колледждердің директорларынан, ата-аналардан болған жайды анықтап білді.

Ақтөбеде мектеп оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға түскен

Іс кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ісімен айналысатын комиссияға берілді. Ары қарай ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодескінің 127-бабы (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша ата-аналар жауапқа тартылады. Сондай-ақ, білім басқармасы бұл іске қатысты ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз