ҚР азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы соттың жаңа отырысы 2016 жылы 2 қарашада ҚХР Гуандун провинциясы, Гуанчжоу қаласында өтеді.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
«Сот отырысы 2 қарашаға белгіленді. Оған қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов пен ҚХР-дағы ҚР Елшілігі консулдық бөлімінің өкілдері қатысады. Ақжарқынның анасы бұл жолы келе алмайды», – деді ҚХР-дағы ҚР Елшілігі консулдық бөлімінің басшысы Болат Сырлыбаев.
2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті.