Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Ақышевтің ұсталғаны өтірік. Қауесет таратқандар жазаланады – ҚР ҰБ

Әлеуметтік желілерде “Ұлттық банк төрағасы ұсталды” деген қауесет пайда болды. Бұл мәліметті Ұлттық банктегілер жоққа шығарды.

“Қазіргі уақытта бастық жұмыста. Бұл мәліметті үзілді-кесілді жоққа шығарамыз. Ұлттық банк жалған мәлімет таратып жатқан адамдарға қатысты құқық қорғау органдарына хабарласады”, – деді ҚР Ұлттық банктің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Еске сала кетелік, кешке түскі сағат 15.00-ден кейін полиция қызметкерлері Ұлттық банк ғимараты орналасқан Бейбітшілік көшесін Абай көшесінен бастап жауып тастады, деп ҚазАқпарат хабар таратты. Астана қалалық Ішкі істер департаменті бұл жайтқа қатысты полиция қызметкерлерінің кешенді күш құрылымының жоспарлы оқу-жаттығуы деп түсініктеме берген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз