Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақышев зейнетақы қорындағы ақшаны туысына бере салған ба?

Айтуынша, банктің тәуекелі көп. Бірақ, бұл сөзі аталған банктің лицензиясыз қалатынын аңғартпаған еді.

“Қазинвестбанк” пен “Дельта Банктегі” үлесіміз көп емес. Сондықтан біз үшін келіп-кетер қауіп-қатер шамалы” деген Бас банкир.

Ұлттық банк “Қазинвестбанкке” қатысты тағы бір шешім қабылдап үлгерді. Қаржы институтын сатып алған Нұржан Джанабеков банктің ең ірі акционері атанып шыға келді. Ал Қазақстан қор биржасының (KASE)  ақпаратына қарасақ, күні бүгінге дейін Джанабеков үлесі 5 пайыздан жоғары банктің ірі акционерлерінің қатарында болмаған.

“Қазинвестбанкті” енді ешкім құтқара алмайды

Лицензиясын тартып алардың алдында “Қазинвестбанк”: “Жаңарту жұмыстарына байланысты “Қазкоммерцбанктің” карточкалық жүйесі бойынша қызмет көрсету тоқтатылады. Бұл біздің клиенттерге де қатысты” деп құлақтандырып алды. Өткен аптаның аяғында “Қазинвестбанктің” клиенттерді қолдау қызметі әлдебір техникалық ақаудың болғанын, соның салдарынан барлық қызмет түрлері істемей қалғанын хабарлады және  “шыдай тұрыңыздар, дүйсенбі, 26 желтоқсанда бәрі қалпына келеді”, –  деп мәлімдеді.  Дәл осы уақытта банктің техникалық дефолтқа ұшырағаны айтылып, “Ұлттық банктің “Қазинвестбанк” тағдырына қатысты қандай шешім шығаратыны 26 желтоқсанда жария болады” деген ақпар тарап кетті.

365info.kz-ке мәселенің мән-жайын жеткізген сенімді көздер “Қазинвестбанкті” енді ешкім құтқармайтынын жайып салды. 

Енді, Ұлттық банктің есебіне қарайық. Осы айдың басындағы дерек бойынша “Қазинвестбанктің” 188,8 млрд. теңге активі болған. Мұның ішіндегі 20, 6 млрд. өз капиталы. Бұдан бөлек 5,3 млрд. теңге табыс түсірген. Банктен алған несиесін 90 күннен аса төлемей жүргендердің үлесі 4,44 пайызды құрапты.

Ақышевтың туысқаны алтын өндірісінде неғып жүр?

Бірыңғай зейнетақы жүйесіндегі былыққа қайта оралайық. Біздің «Ақышев, ақшамыз қайда?». Зейнетақы қорындағы 5 млрд. теңгені кім жымқырды? деген мақаладан кейін Бас банкир ақыры үн қатты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті алтын өндіретін “Бузгул Аурум” ЖШС-ның облигацияларын сатып алуға қатысты тергеу амалдарын бастап кеткенін растады.

Айтпақшы, “Радиоточка” порталының бас редакторы Бекжан Ыдырысовтың шетелге қашуында бір сыр бар…Дәл осы портал, Ақышевтың әйелінің ағасы Рыспек Асанбаевтың әр жылдары “Қазақалтын”, “Алтын төбе”, Argo resources ЖШС сияқты алтын өңдеу саласындағы компанияларда жұмыс істегенін жазған. Ал 2011 жылдан бастап Өзбекстандағы тау-кен кәсіпорындарында қызмет еткен. 

Ақышев бұған не дер екен? Туға қайынағасы алтын өндірісімен байланысты болса, әрі бұл мәселе ертең әлеуметтік желідегі қауымның құлағына шалынса, қазіргі дау мұның жанында түк болмай қалады ғой?!.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз