Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтауды дүрліктірген туберкулез туралы мәлімет белгілі бір деңгейде расталды

147

Аудио жазбада негізсіз ақпаратты таратушы «Мейірбике» медициналық колледжінің 2-курс студентімін деп өзін қазақша таныстырады.

– Мен «Мейірбике» медициналық колледжінің 2-курс студентімін. Бізде туребкулезбен ауыратын студенттер анықталды. Біреуі – 3-курс студенті. Онікі – 4-деңгей. Сол секілді қосалқы топтарда да бұл ауруды жұқтырғандар бар. Ол екеуі қазір ауруханада жатыр. Естігенімдей, тағы 12 адамнан осындай жаман ауру анықталған. Біз кімнің ауру екенін білмейміз. Ешкім анықтап ешнәрсені айтпайды. Жасырады. Біз маска киіп жүруге мәжбүрміз” – делінеді аудио жазбада.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

– Расымен де 7-қазанда ауруханаға туберкулез диагнозымен 1-курс студенті келіп түсті. Оның анасы осындай ауруға шалдыққан екен.

Бұл отбасы 2015 жылдың шілдесінде Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданынан көшіп келген. Қазір олар Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында тұрады. Оның науқасы дәрігерге қаралған кезде анықталған.

Қазір ол екінші деңгейдегі дәрі-дәрмектерді қабылдап жатыр. Оның отбасында 4 үлкен адам және бір сәби бар. Ал ол оқыған топта 27 студент бар. Қазір олардың барлығы қажетті тексеру процедураларынан өтті. Ешқайсысынан ауруды жұқтыру белгілері табылмады. Ал студенттерге бетперде киюге ешкім кеңес берген жоқ, – дейді Марал Қадыр.

Құзырлы мекеме атап өткендей, науқас тұрған үй мен оқу орынын зарарсыздандыру шаралары жалғасып жатыр.

Еске сала кетелік, 2016 жылдың мамыр айында тұтынушылар құқығын қорғау департаменті №25744 әскери бөлімнің бас аспазынан туберкулездің ашық формасын анықтаған болатын. Кейіннен белгілі болғандай, ол жұмысқа тұрар кезде кадр бөліміне Ақтау қалалық емханасы берген жалған медициналық анықтаманы ұсынған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз