Төрт жезөкше Ақтау көшесінде жаппай төбелескен.
Полицейлер анықтағандай, бикештер клиентті бөлісе алмаған, деп жазады Today.kz аймақтық “Лада” порталына сілтеме жасай отырып.
Оқиға өткен демалыс күндері кешкісін №4 ықшамауданындағы жағажайда болған. Қыдырып жүрген үш қыздың жанына Infiniti маркалы көлікпен ер адам тоқтаған.
Бикештерді полиция бөлімшесіне жеткізген. Төрт бикеш те – коммерциялық секс қызметкерлері болып шыққан. Оқиғаның өзге жайттары белгісіз.
Естеріңізге салсақ, бұл Ақтаудағы қыздардың жаппай төбелесінің алғашқы оқиғасы емес. 29 маусымда осы жағажай аумағында орналасқан №7 ықшамауданда да қыздар төбелес ашқан. Оның себептері белгісіз. Желіде төбелестің бейнеролигі жылдам таралуда.