Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Ақтауда аяғынан айырылған қыз 20 миллион теңге өндіріп алды

Ақтауда 2014 жылы желтоқсанда жол апатында аяғынан айырылған Кристина Глембовскиге қатысты сот процесі аяқталды.

Сот екі жылға созылған. Зардап шегушінің адвокаты тергеушілер арыздың уақыты ескіріп кетті деу үшін сотқа материалдарды өткізу кезеңін әдейі созып жүріп алғанын айтады. Бірақ іс 2017 жылы 4-қаңтарда сотқа жеткен.

Алдын ала сот отырысы 16-қаңтарда Ақтау қалалық сотында өтті. Сот шешіміне сәйкес,ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы, 2-бөліміне сәйкес, дәрігерлер өз кінәсін мойындаған.

“К., Ш. және Е. деген азаматтарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы, 2-бөлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс “Қазақстан Республикасының 25 жылдығына байланысты амнистия туралы” ҚР Заңына сәйкес, тоқтатылсын. Глембовский Кристинаның К., Ш. және Е. деген азаматтардан талап еткен моральдық ақысы – 20 миллион теңге толықтай қанағаттандырылсын”, – дейді Ақтау қалалық сотындағылар.

Қаулы заңдық күшіне әлі енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз