Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақтауда ақша ұрлады деген күдікпен кәсіподақ басшысы ұсталды

OilConstructionCompany компаниясының кәсіподақ төрағасы Әмин Елеусіновке қаражат жымқырды деген күдік келтіріліп отыр. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Әмин Елеусіновтің кәсіподақтағы «ОСС» ЖШС жұмысшыларының ақшасын жымқыруы бойынша қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қажетті сот сараптамалары жүргізілді. Қазіргі уақытта Елеусіновтің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинастырылып жатыр», – деді Маңғыстау облыстық ІІД басшысының орынбасары Алдырза Қуанышкереев.

Сондай-ақ ол күдіктінің 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жеткізді.

Бұдан бөлек, Нұрбек Құшақпаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицейлердің айтуынша, ол мұнайшыларды наразылық шараларын ұйымдастыруға шақырған.

«Ішкі істер органдары Құшақпаев Нұрбекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 408-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. 2017 жылдың 20 қаңтарында Құшақпаев ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинастырылып жатыр», – деп мәлімдеді Қуанышкереев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз