9-қыркүйекте Ақтау әуежайында бірнеше рейс бөгелді. Оған себеп – ұшу-қону жолағын апатты жөндеу жұмыстары.
Ақтау халықаралық әуежайы жедел жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты сағат 18.30-ға дейін жабылды, деп хабарлады Lada.kz.
«Бүгін күндіз сағат 13.00-де ұшу-қону жолағы зақымданғаны анықталды. Жамылғыны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. 18.30-да жұмыс аяқталады деп жоспарлануда», – деді әуежай өкілі.