Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақтөбедегі терактіге қатысты сот жабық жағдайға көшті, ғимарат төбесіне снайперлер қойылды

Ақтөбедегі 5-маусымдағы теракт бойынша сот басталар алдында оған келушілердің барлығы жекелей тексерістен өтті. Сот залына дейінгі аралықта 20 бейнекамера қойылған. Ал журналистерге бөлек бөлме әзірленіпті.

Сот басталғаннан кейін біршама уақыттан соң журналистер отырған бөлменің дыбыс зорайтқышының үні өшті. Одан кейін аяқ-астынан соттың жабық есік жағдайда өтетіндігі мәлім болды.

Бұл хабарды жеткізген мамандандырылған соттың қазысы Ахметқали Молдағалиев тілшілерге оның қандай заң тәртібі бойынша орын алғанын түсіндіріп бере алмады.

Дегенмен кеше ғана Алматыдағы теракт бойынша өткен сот ашық болған еді.

Елдің тынышын бұзып, жұртты дүрліктірген Ақтөбедегі теракт бойынша қозғалған қылмыстық істі мамандандырылған ауданаралық соттың қазысы Нұрлан Сұлтанов жүргізетін болады. Мемлекеттік айыптау жағында 3 прокурор бар.

Еске сала кетелік, бүгін Ақтөбедегі теракіге қатысты сот басталды. Онда 201 томнан тұратын қылмыстық іс бойынша сотталушылардың мүддесін 27 қорғаушы қорғайды. Сот залында 48 куәгер түсініктеме береді. 5-маусым күнгі теракт оқиғасынан 88 адамның жәбір көргендігі хабарланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз