Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
14
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбедегі теракті үшін жергілікті полиция басшылығы жауапқа тартылады

ҚР Бас прокурордың кеңесшісі, Бас прокуратурадағы тергеу тобының жетекшісі Б.Жақсыбаев қаулы шығарды. Қаулыда 5 маусым күні Д.Таңатаров бастаған 45 адам «Паллада», «Пантера» қару-жарақ дүкендері мен №6655 әскери бөліміне, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен азаматтарға шабуыл жасалғаны туралы айтылған.

«Теракт кезінде 7 адам қаза тауып, 13 адам жараланды. Қару-жарақ пен оқ-дәрі қолды болды. Тергеу кезінде жергілікті полиция басшысы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шукановтың тиісті деңгейде әрекет етпегені анықталып отыр. Олар оқиға орнына келген арнайы жергілікті полиция қызметкерлерін №6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған лаңкестерге бағыттамаған, оларды қолға түсіру үшін соңына түспеген. Бұл дерек бірыңғай реестрге тіркелді», – деп жазылған қаулыда.

Бұл дерек тез тарап кетті. Ал қалалық жергілікті полиция басшысы Мақсат Шляшев:

«Өзім де кеш естідім. Біз қазір жұмыста жүрміз, жиналыстамыз, қызметтен шеттетілген жоқпыз»,- деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, облыстық прокуратура 5-маусымдағы қылмыстық істі тергеп, сотқа тапсырды. Келер аптада сот отырысы басталады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз