Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбедегі теракт. Журналистер аса құпия құжатты қолға түсірді

134

Дегенмен Таңатаров пен Айтуған Сирияға барып, мүдделес қауымына қанша қосылғысы келсе де бұл мақсаттарын әлеуметтік және басқа да жағдайларға (төлқұжаттарының болмауы, жолға қаражатының жоқ болуы) байланысты орындай алмаған.

“Тергеудің келтірген дерегі бойынша, Таңатаров пен Айтуған қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың мамырында өздерінің террористік тобын құрған. 2016 жылдың 22-мамырында олар, айыптау интернетте “Дабы выжил тот, кто выжил при полной ясности” деген атауы бар “Әбу Мұхаммад әл-Аднани” аудиожазбасын тыңдап, теракт жасау – дұрыс шешім деген пікірге келеді. Осыдан кейін Таңатаров пен Айтуған бұл туралы аса құпия жағдайда “салафи жиһади” бағытын ұстанатын Сұлтан Қабиевке айтады. 18-жастағы Қабиев олардың қылмыстық ниетін қолдап, 2016 жылдың маусымында бұл террористік топтың құрамына кіреді”, – делінген „Эврика„ газетіндегі мақалада.

Ары қарайғы жағдай белгілі. Террористік топтың мүшелерін қаруландыру және ары қарай террористік акт жасау үшін Таңатаров, Айтуған және Қабиев “Паллада” қару-жарақ дүкеніне жасалатын шабуылдың жоспарын құрады. Осы мақсатта 2016 жылдың мамырында Таңатаров “Паллада” дүкенінде болып, оның ішкі орналасуын, сатушылардың қанша екенін, қару-жарақтың қайда және қалай сақталатынын анықтайды. Кейін Таңатаров, Айтуған және Қабиев осы дүкенге қарақшылық шабуыл жасаудың жоспарын құрып, өз әрекеттерін ақылдасады.

5-маусымда шамамен түскі сағат 12.00-де ислам дінінің жалпы негізін ұстанатын және “салафи жиһади” дәстүрлі емес бағытын қолдайтын 44 адам пәтерде жиналады. Алайда жиналғандардың ішінде 22 адам жиһадқа қатысудан бас тартып, кетіп қалады. Бірақ олар террористік топтың қарулы жиһадқа жиналып жатқанын біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламаған екен.

Қазір оларға дайындалып жатқан террористік акт жайында хабарламау бойынша айып тағылып отыр. Олар да сотталушы ретінде сотта отыр. Қалған 22 адам, айыптау құжатына сәйкес, құқық қорғау органдарына қарсы қарулы жиһадқа қатысуға өз еріктерімен келісім берген.

2016 жылдың 5 маусымында сағат шамамен 14.23-те топ “Паллада” қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалады. Ақтөбелік жиһадшылар қаруланғаннан кейін дүкеннен жүгіріп шығады. Кейін олар “Пантера” деген тағы бір қару-жарақ дүкенін тонаған. Атыс салдарынан лаңкестердің қолынан Ақтөбенің 7 жеті тұрғыны қаза тапқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз