Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Ақтөбедегі мұнай ұрлығына байланысты „Төрт ағайынды„ қылмыстық тобының серкесі қамауға алынды

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Ақтөбе қалалық №2 сотына мұнай және мұнай өнiмдерiн ұрлау және заңсыз айналымымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін алдын алуға бағытталған арнайы операция кезінде ұсталған 9 адамға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш келіп түскен.

Сотқа дейінгі тергеу органдары бұл тұлғаларға ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 4-бөлігі 1,2-тармақтары, яғни “Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу” және 262-бабының 2-бөлігі “Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу” бойынша күдік келітіріп отыр, делінген хабарламада.

Сот қаулысымен Б.К.Батыров, Н.С.Қазкенов, С.Б.Дусупов, Е.У.Еркетаев, А.А.Амитов, Ж.М.Ілиясов, А.М.Қалиев, А.Ж.Сәрсенов және Еркін Ізбасарға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Еске сала кетелік, 7-желтоқсанда Ақтөбеде өткен арнайы операция кезінде жалпы саны – 15 адам ұсталған. Арнайы қызметтің хабарламасына сәйкес, операцияны ҚР ІІМ арнайы қызмет жасағының қолдауымен ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері бірлесе отырып жүргізген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз