Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбедегі лаңкестердің мәйіті қайда жөнелтілгені белгілі болды

Алдымызда ғана мұнда саперлер жұмыс істеп кеткен. Сондықтан біз алаңсыз қимылдадық. Бір денені аударғанда оның астында жарылмай қалған шуылдақ граната жатты…

Әрине, біздің жұмысымыз қауіпті. Қауіп қай жақтан келітінін білмейді екенсіз.

Лаңкестердің мәйіті сот-медициналық сараптамасына арналған мәйітханада болған

– Бір денені қараудың өзіне көп уақыт кетеді. Әскери бөлімнен әкелінген 3 мәйітке 5-6 сағат кетті. Ол арада бір де бір деталді жіберіп алуға болмайды. Тіпті, қанның атқылауы да есепке алынады. Ол оқтың қай жатқан, қандай қашықтықтан атылғанын анықтауға мүмкіндік береді. Мәйіттерді тексеру сот-медициналық сараптамасына арналған мәйітханада жүргізілді.

Лаңкестер көбіне бір оқтан өлген

– ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, лаңкестердің мәйіті туған-туыстарына берілмейді.

2 ай бойына олар біздің мәйітхана сақталды. Олардың әрқайсысы арнайы жылтыр қаппен оралып, сыртына қол мен мөр қойылған. Олар бөлек мұздатқыш камерада жатты.

Екі ай бойына біздің ғимаратты арнайы қызметтің жасақтары күзетті, күдікті адамдарды жолатпады. Әрине, денесін сұрап, қаза тапқан лаңкестердің туған-туыстары келді. Бірақ олардың барлығымен жекелей әңгіме-дүкен құрылды. Біз ол адамдарға денені жерлеуге неге бере алмайтынымызды түсіндірдік. Кейіннен мәйіттерді Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жөнелттік,- дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз