Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде тергеушілердің қылмыстық істерді шала тергейтіндігі сынға алынды

Сонымен қатар сот төрағасы қаралып жатқан қылмыстық істердің артқанын айтады. 2015 жылдың алты айында 20 адамға қатысты 17 іс түскен болса, 2016 жылдың алты айында 20 адамға қатысты 18 іс түскен. 15 адамға 14 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шыққан.

Алты айда қаралған істерді қорытындылаған судья мұғалімдердің қолын қанға былғап, адам өлтіріп жатқаны қапаландыратынын айтады:

– Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Нұра ауылында Жүргенов атындағы мектептің мұғалімі туған нағашысы әрі сыныптасын өзара келіспеушілікке байланысты пышақ сұғып өлтірген. Зәбірленуші оқиға орында қаза тапқан.

Сот дене шынықтыру пәнінің мұғалімін кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ырғыз ауданы білім беру мекемесі осы кісіні мұғалім ретінде жұмысқа алған кезде ешқандай тексеру жүргізбеген. Мұғалім қалайша адам өлтіруге дейін барады?, — дейді сот төрағасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз