Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
14
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен „жыныстық„ қатынасқа түсетін жігітті оқшаулауға ешкім асығар емес

Кристина Платонова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

– Дамбалын шешіп, мына қоқыс жәшіктерімен білгенін істейді. Айтуға аузың бармайды. Жәшіктерді адам деп ойлайтын сияқты. Темірді құшақтап, кейде сонымен ұрсысып жатады.

Қаңғыбас өзін Тимур Лян деп таныстырды. Жасы 35-те екен. Өзінен 20 жас үлкен әйелмен некеде болғанын айтады. Бірақ онысының рас-өтірігін ешкім білмейді. Ақыл-есі кем жігітке тұрғындар аяушылық танытқанымен, балалары үшін алаңдайды. Қоқыс төгуге келген кішкентайларды жазым қыла ма деп қорқады. Сөйтіп, бейімдеу орталығына да бірнеше рет тапсырған екен. Бірақ онда да ұзақ тұрақтауға рұқсат жоқ.

Жалын Молдағалиев, Ақтөбе қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары:

– Ол жігітті жақсы білеміз. Бірақ заңға сәйкес, ақыл-есі кем адамдарды орталықта қалдыра алмаймыз. Бізде болған кезде ауруы қозады. Психбригаданы шақырып едік, олар қоғамға қауіпі жоқ деп кетіп қалды.

Осылайша, психдиспансердегілер науқас жігітті қабылдағысы жоқ. Құжаты болмаған соң бастарын ауыртқылары келмейді. Әлеуметтік бейімдеу орталығындағылар олардың бұл қылығына ашуланып, Денсаулық сақтау басқармасына арыз жазған екен. Ондағы шенділер жындыдан да асып түсті. Яғни, шара қолданудың орнына есі кем адамнан қайдағы жоқ анықтамаларды жинауды талап етіпті.

snimok-ekrana-ot-2016-09-21-11-57-45

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз