Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
427
+0.61
EUR
497
+0.71
RUB
6.04
+0.05

Ақтөбеде ата-анасы үйінде кісендеп ұстап отырған жігіт жындыханаға жабылды

25 жастағы бұл жігіт осыдан 6 жыл бұрын әскерде соққы алған. Содан үйіне  оралғалы бері отбасыда береке жоқ. Өйткені зіңгіттей жігіттің ауруы қозғанда әл бермей, көзіне көрінгенге тиіседі. Тіпті, әкесінің саусағын шайнап тастаған. Сондықтан көтерілгенде кісендеп қояды екен. Енді мамандар оны бір ай психдиспансерде емдеп, ұстамасының себебін анықтамақшы. Кейін мүгедектік рәсімдеуге көмектесеміз деп отыр. Бірақ науқасты үнемі оқшау ұстауға болмайтынын айтады.

Данияр Шалтақов, Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары:

-Науқасты мұнда оқшаулап ұстап отыра алмаймыз. Сондықтан диспансерден шыққан соң үйде дәрілерін уақытылы беріп отыру керек. Талмасы ұстамаса ешкімге зияны жоқ. Мұндай дертке қатты соққы мен психологиялық күйзелістің кесірінен шалдығады адамдар.  

bezymyannyj

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз