Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
12
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбеде „Арлан„ арнайы жасағы командирінің орынбасары тұтқындалды

111

28 жастағы Кенжеғали Бүркітов қоғамдық тәртіпті күзету және төтенше жағдайдағы қауіпсіздік пен қарулы қақтығыс мәселелеріне жауапты болған.

Тергеу бойынша, 2013 жылдың шілдесі мен 2016 жылдың сәуір айы аралығында облыс аумағында бірнеше адам облыстағы кеніштерден мұнай ұрлаумен айналысқан. Жалған құжаттар арқылы оны тасымалдап, сатқан. 2016 жылы қыста Бүркітов ақшалай сыйлық алып, ұрлықшылардың ізін жасырмақ болған.

Ол ұрланған мұнай тиелген жүк көліктерін кедергісіз өткізіп жіберуді қамтамасыз етпекші болыпты. Іс материалдары бойынша, Бүркітов бұл қызметі үшін айына 2 миллион теңге беруін сұраған. Мұнай тиелген КамАЗ-дар Темір ауданы, Ақтөбе және Ақжар-1 қоймаларынан шыққан.

Бүркітов тағылған кінәні мойындамады. Сонымен қатар, ішкі істер департаменті жол-патрулдік полициясының рота қызметкері 26 жастағы Әділжан Елеусізов те тұтқында екен. Елеусізов те мұнай ұрлаушыларға көмектескен.

14 маусым күні сот Мирболат Нияровтың тұтқындағы уақытын ұзартты. Тергеу бойынша, Нияров ұрланған мұнайды сақтайтын қойманы жабдықтаған. Ол қойма өз әкесінің бақшасында орналасыпты. Тергеу ісі жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз