Баланың денсаулығы жақсы, салмағы 4130 грамм. Жалпы, ана мен баланың жағдайы жақсы, – деді облыстық аурухана перзентханасының дәрігерлері «Диапазонға» берген сұхбатында.
«Кеңес Үкіметі кезінде 16-18 рет бала тапқан әйелдер болған. 1990 жылдардан бері 14-ші рет босанып тұрған әйелді алғаш рет кездестірдік», – дейді дәрігерлер. Көпбалалы отбасында анасы үй шаруасымен айналысса, әкесі мұнай мекемесінде жұмыс істейді екен.