Ақтөбеде билет алып қойған пойызына кешіккен келіншек жоғалып кетті.
„Көркем атты келіншек Бершоғырдан Ақтөбеге оқуға түсу үшін келген. Ол кері қайтпақ болып, 20 тамыз күні кешке Шалқарға жүретін пойыздан кешігіп, қала маңындағы Новый елді-мекеніндегі әпкесіне баруды ұйғарған. Бірақ Көркем сол күйі хабарсыз кеткен„ деп жазады «Диапазон» басылымы.
20 тамыз күні шамамен кешкі 20:30-да келіншек Новыйдағы әпкесінің үйінен шығып, вокзалға жету үшін таксиге отырған. Ол Бершоғырға бару үшін Шалқар пойызына асыққан. Ақтөбеге екінші жоғары білім алу үшін құжат тапсыруға келген.
Қыздың туыстары хабарлағандай, такси жүргізушісі оны вокзалға дейін жеткізбеген, 5-ші мөлтекауданға жетпей, қала ішіне тастап кеткен. Көркем күйеуіне хабарласып, пойызға үлгермейтінін, қайтадан тәтесіне баратынын, автобус жүрмегендіктен такси ұстайтынын хабарлаған.
«Бірақ ол тәтесінің үйіне қайтып оралмады. Телефоны сөндірулі», – деді қыздың әпкесі.