Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақша айналымына 500 теңгелік „Сексеуіл„ ескерткіш күміс ақшасы шықты

244

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24± 0, 24 грамм, сопақша 38,61 – 28,81 мм., дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар еліміздің бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына және ақша аудару кезінде қабылдануға міндетті, еліміздің барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монеталардың дизайны ҚР Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Монеталарды ҚР Ұлттық Банктің барлық филиалдарында немесе www.nationalbank.kz сайтындағы «Монеталардың Интернет-дүкені» арқылы да сатып алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз