АҚШ президенті тағынан деморкатиялық партия атынан дәмелі Хиллари Клинтон вице-президенттікке үміткердің аты-жөнін атады. Ол – Вирджиния штатының атынан сайланған сенатор Тимоти Кейн.
Би-би-сидің хабарлауынша, оның кандидатурасын АҚШ-тың Демократиялық партиясының жалпыұлттық съезінде ресми бекіту керек. Бұл жиын 2 күннен кейін Филадельфия қаласында басталады.
Айта кеткен жөн, делегаттардың басым бөлігі Клинтонға қолдау көрсетті. Ал осының алдында Республикалық партия миллиардер Дональд Трамп президенттікке үміткер ретінде атаған болатын. АҚШ-тағы мемлекет басшысын сайлау биыл 8 қарашада өтеді.