Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

АҚШ-та жоғалып кеткен „Болашақ„ студентінің әлеуметтік желідегі жазбасы тексеріліп жатыр

ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың сөзінше, ведомство қазір бұл постты Ержан Еліковтің Facebook-те өзі жазғанын немесе өзге адамның орналастырғанын тексеріп жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі АҚШ-та студентті іздестіру бойынша Интерполмен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

„29-қыркүйекте „Болашақ„ бағдарламасы бойынша шетелге оқуға кеткен Ержан Еліковті іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түскен. Студент ата-анасымен байланысты 2011 жылдың наурыз айында үзген. Ол уақыттан бері студенттің жоғалғаны туралы Қазақстан полициясына ешкім арыз бермеген. Қазіргі кезде қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы бақылауға алынды”, – деді Сәдубаев.

Студенттің атынан жазылған пост Ержан Еліковтің парақшасында 13 қазанға қараған түні жарияланған. Қазіргі кезде жазбаның жойылғанын айта кетейік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз