Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

АҚШ-та соққан алапат дауыл эпицентрінде үш қазақстандық қалып кетті

Ал ҚР СІМ дауыл астында қалған қазақстандықтарға Вашигтондағы ҚР елшілігінен көмек сұрауға кеңес берді. Бірақ біздің отандық мәмілегерлерге осы уақытқа дейін дауылдан зардап шеккен ҚР азаматтары жайлы хабарлама келмеген екен.

“Осы уақытқа дейін бізге ҚР азаматтары зардап шекті деген ақпарат келген жоқ. Осындай хабар келген жағдайда біз оларға жедел түрде Вашингтондағы ҚР елшілігімен байланысып, Қазақстандағы консул бөлімдеріне хабар беруге кеңес беретін едік”, – деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

Вашингтондағы Қазақстан елшілігімен +1 202-232-5488 нөміріне хабарласып немесе washington@mfa.kz/ kzconsuldc@gmail.com пошталарына хат жіберуге болады.

Қазіргі уақытта “Мэтью” дауылы Кариб аралығындағы бассейнде қатты соғып тұр. РИА новости басылымының мәліметінше, АҚШ президенті Барак Обама бейсенбіде кешкі уақытта Джорджия штатындағы “Мэтью” дауылына байланысты төтенше жағдай режимін жариялаған. Осыған дейін Гаитиде “Мэтью” дауылынан 280 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, “Мэтью” дауылы Атлантикада 2007 жылдан бергі ең қауіпті дауыл болды. Жергілікті уақыт бойынша 6-қазанда дауыл Флоридаға, кейін Джорджияға, Солтүстік және Оңтүстік Каролинаға жететіні айтылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз