Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақмола облысының әкімі үздік ұстаздарды марапаттады

Биылғы Ұстаздар күні ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мерекеленіп отырғанын атап өткен облыс әкімі өз құттықтауында ұстаздарға білім саласына қосып жүрген өлшеусіз үлестері үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Әрине, білім саласы қызметкерлерінің жұмыс істеуіне тиісті жағдай болмаса, оларға материалдық қолдау көрсетпесек, тиісті нәтиже де болмас еді. Сондықтан, мемлекет білім саласына жан-жақты қолдау көрсетіп отырады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап облыста 500-ден астам мектепке дейінгі мекеме ашылып, 41 мектеп салынған. Одан бөлек, биыл жаңа оқу жылы қарсаңында 4 мектеп, 1 балабақша пайдалануға беріліп, Ақкөл балалар үйі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Қазан айында облыста тағы екі білім нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Биылғы жылы 17 білім мекемесіне 1,5 миллиард теңгенің күрделі жөндеуі жүргізілді», – дейді Сергей Кулагин.

Аймақ басшысы республикалық «Үздік педагог – 2016» конкурсында үздік деп танылған Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Нұргүл Мұқышева мен Көкшетау қаласындағы №18 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Кенжебаеваларды да ерекше атап өтті.

«Жақында ғана Астана қаласында өткен республикалық «Үздік педагог – 2016» конкурсында біздің облыстың 2 педагогының үздік деп танылғанына қуаныштымын. Сіздер айтарлықтай жетістіктермен жігерлене түсіп, алда да биік белестерден көріне беретіндеріңізге сенемін. Біздің оқушылар да түрлі конкурстар мен халықаралық олимпиадаларда үздік деп танылды. Бұл сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Бүгінгі мереке күні сіздерге тек жақсылық, зор денсаулық, оқу мен еңбекте шығармашылық табыстар тілеймін. Білім мен ғылым саласында биік асулардан өтіп, абыройларыңыз асқақтай берсін. Жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы істеріңіз жемісті де сәтті болсын!», – дейді облыс басшысы.

Биылғы жылы 76 ақмолалық оқушы зияткерлік олимпиадалардың, 126 оқушы шығармашылық конкурстардың, 108 оқушы спорттық жарыстардың жүлдегері атанған. Бүгінде облыс мектептерінде 22 мыңнан аса педагог шәкірт тәрбиелеп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз