Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ақмола облысының Державинск қаласында жаңа аурухана ашылды

Медициналық мекеменің ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтай келе, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердiгер компанияның «Уральскстройинвест» ЖШС-на алғысын білдірді.

– Бүгін жарқайыңдықтар үшін айтулы оқиға. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, халыққа сапалы медициналық қызмет көсету мақсатында Державинск қаласында 70 орындық емханасы бар жаңа аурухананы пайдалануға беріп отырмыз.

Енді тұрғындар осында қазіргі заманғы озық құралдармен жабдықталған аурханада сапалы медициналық қызмет алатын болады. Алдағы уақытта кадр мәслесін де біртіндеп шешетін боламыз, – деді облыс әкімі Сергей Кулагин құттықтау сөзінде.

Айта кету керек, медициналық мекемеде диагностика, рентгенологиялық, эндоскопиялық, физиотерапиялық, акушер-гинеколог кабинеттері жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз