Әлеуметтік желіде Ақмола облысындағы шахта маңындағы төбелесті түсірген видео пайда болды.
Алдында алтын өндіруші шахтаның кеншілері мен күзет қызхметкерлері арасында қақтығыс болғандығы хабарланған. Бұл жайсыз оқиға Бестөбе ауылының “Қазақалтын” мемлекеттік кәсіпорынына қарасты шахтада 16-маусымда орын алған.
Қақтығыс салдарынан 10 адам зардап шеккен. Ол кезде полициядағылар “Бұзақылық” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалғанын мәлімдеген. Екі тарап арасындағы шиеленіс кеншілердің бақылаудан өтуден бас тартуынан туындаған.