Ақмола облысында тұрғылықты баспанасы жоқ әйел үсіп, қаза тапты.
Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Целиноград ауданының полициясына Жалғызқұдық ауылының тұрғыны хабарласқан. Ол таңертең өз ауласында әйелдің өлі денесін тауып алыпты. Тексеру барысында әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Бастапқы болжам бойынша, 46 жастағы әйел өлімінің себебі – ағзаның суықтауы.