Ақмола облысының Жақсы ауданында 22-жасар бойжеткен жоғалып кетті.
Бұл туралы Вконтакте тобындағы “Ищу тебя. Астана” парақшасында хабарланды.
“Құрметті достар! Барлығыңызды назар салуларыңызды өтінем! Фотодағы қыз жайында барлық деректер бізге маңызды” делінген хабарламада.
Жоғалып кеткен Мақпал Жолдыбаеваның туысқандарының айтуынша ол тамыздың 16-сы күні Жақсы ауданынан Астанаға келген. Содан бері хабарсыз.