Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақмола облысы қысқы туризмді дамытуды мықтап қолға алды

Мына бұғыларды демалыс орны өткен жылы Ресейдің ең солтүстігінен алып келген екен. Олар қазір осы жердің сәніне айналған. Мұнда келген демалушылар, зообақтағыдай емес, керісінше бұларға жақындап, оларды тамақтандыра алады. Федор есімді бұл бұғыны келушілер қызығып тамашалайды. Жануардың мүйіздерінің әдемілігі, туристерді еріксіз өзіне баурап алады. Әрі ол да адамдарды еш жатырқамайды.

Ержан Омаров, бұғы өсіруші:

– Бұлардың ерекшелігі – біз жейтін тамақты жемейді. Қайыңның жапырақтарын жейді, мүк далада өсетін ағаштың ішінде, соны жинап, осыларға дайындаймыз. Өзіміздің үйреткеніміз, жемге үйреттік кішкене. Үйдің малы секілді.

Гүлнәр Ғазизова, Астана қаласының тұрғыны:

– Біз жыл сайын осы Щучинск қаласына, Бурабайға келіп демаламыз. Мұнда бізге ұнайды. Таза ауа. Аттармен, хаскилармен үнемі суретке түсіп, көңіл көтеріп. Шетелден гөрі өзіміздің осы Бурабай ұнайды. Таза ауа көңілімізге жағады. Сол себепті осы жаққа ғана келеміз.

Демалушылардың бұл иттерге деген қызығушылығы өте ерекше. Шана сүйрейтін Хаски иттері осыдан 4 жыл бұрын Мәскеуден әкелінген екен. Бірақ мамандар қазір оларды осы жерде көбейтіп жатыр.

Владимир Камаев, кинолог:

– Менің міндетім – иттерді шана сүйреуге дайындау. Қазір 8 итім қатарда. Тағы 9 күшікті әзірге баптап жатырмын. Олар келесі жылдан бастап, шана тартуға жегіледі. Светлана Захарова, ШҚО тұрғыны: – Сіздерде қысқы демалыс жақсы дамыған екен. Бізде де осындай орындар көп болса екен. Балаларға да, ересектерге де барлық ойын түрлері қарастырылған. Бір сергіп қалдым.

Айта кетейік, Ақмола облысында қысқы демалыс орындары тек Бурабай ауданында ғана емес, Зеренді, Сандықтау, Ақкөл, Целиноград, Ерейментау және Қорғалжын аудандарында да бар. Ал, олардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Себебі, жазы қысқа аймақта қысқы туризмді қолға алған өте тиімді, – дейді мамандар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз