Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
8
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Ағайынды үш жігіттің өлімі Үкімет отырысына жетті. Министр Қасымов болған жайды баяндады

Министрдің айтуынша, қылмыскерлер өз құрбандарын осылайша алдап, ауыл сыртындағы сайға ертіп барған.

– Сол сайда олар үш азаматты өлтіреді.

Сөйтіп, мал мен өлі адамдар денесін көлікке тиеп алып бара жатқанда батпаққа батады. Олар жақын маңдағы елдімекен тұрғындарының көмегіне еріксіз жүгінеді.

Қазіргі уақытта қылмыскерлер қолға түсті, қылмыс жасалған зат – мылтық тәркіленді.

Олар өз еріктерімен құрбандарын қай жерге көмгенін көрсетіп берді.

Марқұмдардың денесіне қатысты барлық қажетті сараптама тағайындалды. Бүгін жерлеу рәсімі өтеді. 36 бас мал тәркіленіп алынды. Іспен Алматы облысының ішкі істер департаменті айналысып жатыр. Жақын уақытта бұл істі аяғына жеткізіп, оны сотқа өткіземіз, – деді Қалмұхамбет Қасымов.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Қасымовқа бұл істі жеке бақылауына алуды тапсырды, сөйтіп келесі Үкімет отырысының қоғамдық қауіпсіздік және зорлық-зомбылықпен күрес тақырыбына арналатынын мәлімдеді.

„Өз бақылауыңызға алыңыз. Бәріміз қоғамның қауіпсіздігі, зорлық-зомбылықпен күрес – біздің жұмысымыздың алғышарты екенін жақсы білеміз. Сондықтан таяу күндері бұл мәселені Үкімет отырысында қарауымыз керек деп ойлаймын„, – деді Сағынтаев.

Еске сала кетелік, ағайынды талдықорғандық үш жігіт бір апта бұрын із-түссіз жоғалып кеткен. Бір-бір шаңырақтың иелері әдеттегідей, базарға мал сатуға кеткен, бірақ қайтып оралмады. Олардың артында 8 бала қалып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз