Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл аудандық соты 17 жастағы оқушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 30 275 теңге көлемінде айыппұл салды.
Сот анықтағандай, 2026 жылы 19 қазанда сабақ барысында жасөспірім сыныптастарының көзінше сынып жетекшісін былапыт сөздермен балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Оның әрекеті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.
Айыппұл тағайындау кезінде сот оқушының жасын, кінәсін мойындауын және өкінуін, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 66-бабында көзделген кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза қолдану ерекшеліктерін ескерген.