Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-5
USD
445
+0.10
EUR
489
-1.94
RUB
5.39
-0.02

Трактор аударылып, жүргізуші көз жұмды: жұмыс беруші оқиға туралы хабарламаған

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұған қоса, оқиғаға қатысты еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы да назарға ілінді. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, жұмыс беруші тарапынан жазатайым оқиға туралы ресми хабарлама да түспеген.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жұмыс берушінің жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар жұмыс берушіге жазатайым оқиға туралы хабарлама беру жөнінде тиісті нұсқаманы орындау міндеті жүктеледі», – дейді Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінен.

Осылайша, қайғылы оқиға бойынша тергеу жалғасып жатқанымен, жұмыс берушінің мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарламау фактісі де заң аясында қаралатын болды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз