Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
448
-1.46
EUR
503
-0.24
RUB
5.41
-0.04

Жетісуда төртемнің отбасына жаңа баспана берілді

Төртем 24 қыркүйекте кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Жүктіліктің көпұрықты екені анықталған сәттен бастап жас ана Алматыдағы Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы мамандарының бақылауында болған.

«УДЗ кезінде бірден төрт бала күтіп жүргенімді алғаш білгенде қатты қуандық. Әрине, төрт сәбиді бірдей көтеру оңай болған жоқ. Балаларым үшін уайымдап, қорықтым. Жүктіліктің 30 аптасы 6 күнінде кесарь тілігі жасалып, төрт сәби дүниеге келді. Операцияны ғылыми орталықтың директоры жасады. Балалар шала туғандықтан, алғашқы минуттарынан бастап дәрігерлердің бақылауында болды. Қазір сәбилер жақсы салмақ қосты. Барлық қиындық артта қалып, үйге оралдық», – дейді жас ана.

Төртемнің атасы Қайрат Бекеев те отбасында бірден төрт немеренің дүниеге келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Оның айтуынша, Алматыда перзентханадан салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтіп, жерлестерінің қолдау көрсетуі отбасы үшін ерекше қуаныш болған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз