Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
449
+1.84
EUR
503
+2.91
RUB
5.45
-0.01

Қарызынан құтылмақ болған азамат 13 миллион теңгенің есірткісімен ұсталды

Айыпталушы «Ақтөбе – Атырау» тасжолы бойында көлігінен түсіп, шаруасын реттеп жүргенде есірткі салынған қапқа тап болған. Келесі күні сол жерге қайта оралып, қаптарды Ақтөбедегі автосервиске жеткізген.

«Қаптарды көргенде біреуін ашып, өзіне тән иісін сездім. Оның марихуана екенін бірден түсіндім. Қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қорқып, Ақтөбеге кетіп қалдым. Бірақ келесі күні қарызымнан құтылу үшін қайта оралып, қылмысқа жалғыз өзім бардым», – деді айыпталушы сотта.

Оның айтуынша, Руслан есімді адам хабарласып, марихуананың әр келісін 130 мың теңгеден сатып алуға келіскен. Есірткінің жалпы құны 13 миллион теңгеге шыққан.

Айыпталушы тауарды сатып алушыға көрсеткен кезде ұсталды. Кейін сатып алушының рөлін ҰҚК жедел уәкілі атқарғаны белгілі болды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз