31 қазанда полицияға тұрғыннан 20 бас жылқының жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Өтініш берушінің айтуынша, жануарлар қора аумағынан өздігінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, малдың жалпы құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.
Соның нәтижесінде 20 бас жылқының да орналасқан жері анықталып, жануарлар табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Полицияға уақытылы хабарлау жедел әрекет етуге және ықтимал материалдық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.