Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
448
+5.82
EUR
503
+3.93
RUB
5.35
+0.05

Қазақстан IT және AI технологияларын экспорттайтын елге айналмақ

Фейсбукке жазба қалдырған Алмас Алтайдың пікірінше, Президенттің форумда айтқан ойларын Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы жаңа мақсаттарымен байланыстыруға болады. Оның атап өтуінше, еліміз үшін ендігі міндет – технологияны сырттан дайын күйінде алу емес, өзіміздің технологиялық шешімдерімізді әзірлеп, оларды нақты экономикада қолдану.

Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласына жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ, ол АҚШ-та жетекші технологиялық компаниялардың суперинтеллектіні дамытуға қатысты бастамасын мысалға келтіріп, осы тәсілді мүдделі елдер жаһандық деңгейде қолдану мүмкіндігін қарастыруы керек екенін айтты.

Қазақстанның IT саласындағы экспорттық әлеуеті де артып келеді. Президенттің айтуынша, өткен жылы қазақстандық IT қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Қазір елімізде әзірленген цифрлық шешімдер әлемнің 100-ден астам елінде қолданылып отыр.

Ендігі маңызды міндеттердің бірі – өнеркәсіп саласында жасанды интеллект көмегімен шешуге болатын нақты мәселелерді анықтау. Осы мақсатта Қазақстан мен шетелдік командалар қатысатын AI Challenge ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Байқау барысында үздік деп танылған жобаларды отандық өндірісте енгізу көзделеді. Бұл қазақстандық мамандарға, инженерлерге және IT-компанияларға жаңа жобалар әзірлеп, оларды нақты өндірістік міндеттерді шешуге бағыттауға мүмкіндік береді.

Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі жетекші IT және жасанды интеллект компанияларының басшыларымен кездесіп, цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Алмас Алтайдың пайымынша, IT қызметтер экспортының 1 миллиард доллардан асуы – Қазақстанның технологиялық бағыттағы жұмысының алғашқы нәтижелерінің бірі. Ал алдағы стратегиялық мақсат – елімізді технологияларды тұтынатын ғана емес, оларды әзірлеп, халықаралық нарыққа шығаратын мемлекеттердің қатарына қосу.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз