Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
7
USD
441
+1.49
EUR
501
+2.17
RUB
5.27
+0.05

Шымкентте жаңа айналма жолдың құрылысы басталды

Шымкент – Қытайды, Орталық Азия елдерін және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін байланыстыратын маңызды бағыттардың торабында орналасқан қала. Қазіргі таңда толыққанды айналма жолдың болмауына байланысты транзиттік көліктің бір бөлігі қала ішіндегі жолдарды пайдаланады.

Жаңа жол іске қосылғаннан кейін транзиттік көлік Шымкентке кірмей-ақ қажетті бағытқа шыға алады. Бұл қала көшелеріндегі көлік ағынын, соның ішінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысын азайтуға мүмкіндік береді.

Жоба жетекшісі Қуаныш Әлмұхамбетовтің айтуынша, айналма жол Шымкенттің ғана емес, бүкіл оңтүстік өңірдің көлік жүйесі үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан болмақ.

«Жаңа маршрут негізгі бағыттар арасындағы байланысты жақсартып, логистика, өндіріс және жол бойындағы сервисті дамытуға қосымша мүмкіндік береді. Мердігер ретінде біздің міндетіміз – осы ауқымды инфрақұрылымдық жобаны сапалы жүзеге асыру», – деді ол.

Жоба EPC-шарт негізінде жүзеге асырылады. Бұл формат бойынша мердігер жобалау, қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алу, құрылыс жұмыстарын жүргізу және дайын нысанды тапсырыс берушіге тапсыруға дейінгі барлық кезеңге жауап береді.

Жаңа жолдың құрылысы іргелес аумақтардың дамуына да серпін бермек. Жол бойында логистикалық және өндірістік алаңдар, қоймалар, терминалдар және сервистік нысандардың пайда болуы жоспарланып отыр. Жоба «ШИХО» халықаралық логистикалық және трансшекаралық орталығын дамыту жоспарларымен де байланысты.

Экономикалық әсері құрылыс кезеңінде-ақ байқалады. Жоба құрылыс материалдарына, арнайы техника мен көлік қызметтеріне сұранысты арттырып, инженерлік-техникалық және жұмысшы мамандар үшін жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады.

Ал жол пайдалануға берілгеннен кейін логистика, сауда, өндіріс және жол бойындағы қызмет көрсету салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз