Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
17
USD
465
0.00
EUR
537
0.00
RUB
5.54
0.00

Елена Рыбакина Цинциннати қаласындағы турнирді жеңіспен бастады

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның 6:3, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 19 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бес эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және төрт брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Үшінші айналымда қазақстандық теннисші Польша өкілі Магдалена Френхпен (WTA №41) кездеседі. Ол өз кезегінде турнирден латвиялық Елена Остапенконы (WTA №30) шығарды.

Айта кетейік, өткен жылы Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен болатын. Биыл қазақстандық теннисші 390 рейтингтік ұпайын қорғауға тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз