Қазақстан азаматы Грузиядан аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен экстрадицияланды. Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында Кипрдан пәтер сатып алуға жәрдем көрсетемін деген сылтаумен Қазақстан азаматшасының 100 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен жымқырып кеткен деп күдіктеліп отыр.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. 2026 жылғы маусымда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.