Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен «Urumqi Airlines» әуе компаниясының вице-президенті Чжан Лян мырзаның кездесуі өтті. Кездесу барысында Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа (Инин) – Алматы бағыттары бойынша жаңа тұрақты рейстер ашу жоспарлары туралы хабарлады.
Өз кезегінде қазақстандық тарап Өскемен және Семей қалаларына, сондай-ақ алдағы уақытта Зайсан мен Катонқарағайдағы жаңа өңірлік әуежайларға рейстер ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл бастама туризмді дамытуға, көлік қолжетімділігін арттыруға және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.