2026 жылғы 1 тамыздан бастап Астана халықаралық әуежайындағы қысқамерзімді автотұрақтың құны сағатына 300 теңгеге өсті. Бұл қазіргі тарифтен 100 теңгеге көтерілген.
Әуежай әкімшілігі тарифті қайта қарауға автотұрақтарды күтіп ұстау, пайдалану және жаңғырту шығынының артуы себеп болған. Екіншіден, енгізіліп отырған өзгерістер автотұрақ инфрақұрылымын жетілдіруге, терминал маңындағы көлік қозғалысын реттеуге және келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Десе де, әлеуметтік жеңілдіктер де сақталады. I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері және Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар автотұрақ ақысын төлеуден босатылады.