Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Асүй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие болды.
24KZ арнасының ақпаратынша, байқауда олар ұлттық өнімдер мен дәстүрлі рецепттерді заманауи аспаздық тәсілдермен үйлестіріп, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды.
Жеңімпаздар кәсіби қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Қазақстан құрамасы ШЫҰ елдері арасындағы үздік нәтижелердің бірін көрсетті.