Қазақстандықтар үшін әлемнің үздік университеттері мен ғылыми орталықтарына жол ашатын «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша байқау мәресіне жетті.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ хабарлауынша, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының 184 азаматына «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.
«Республикалық комиссияның отырысында «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавр дәрежесін алуға үміткерлерге арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және халықаралық орындаушылар конкурстарының тізбесі бірқатар халықаралық орындаушылар конкурстарымен толықтырылды. Сонымен қатар, бағдарлама тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар мәселе қаралды», – делінген хабарламада.