Шал ақын ауданы Бірлік ауылында 22 жастағы жігіт 67 жастағы әкесін соққыға жыққаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы 365info.kz сайты 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еңгезердей жігіт әкесін сабап қана қоймай, жерден алып, жерге салып балағаттаған. Сөйте тұра бұл әрекетін ол видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Жігіт бұл сәтте мас күйде болғаны анықталды.
«Соттың шешімімен жігіт 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Қылмыстық іс қозғалған жоқ», – деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.