Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Енді ипотека мен несие алу қиындайды

Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандықтың жалпы қарызы оның жылдық табысынан сегіз еседен артық болмауы тиіс. Егер лимит асып кетсе, банк жаңа несиеге мақұлдау бере алмайды. Бұл ипотекаға, автонесиеге, бөліп төлеуге немесе тұтынушылық несиеге де қатысты болады.

Есептеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • Ипотека;
  • Автонесиелер;
  • Бөліп төлеу;
  • Микроқарыздар;
  • Мерзімі өткен берешектер.

Банктер несие өтінімі берілген сәттегі қарыздың бастапқы сомасына емес, қалған берешек көлеміне қарайды. Мысалы, егер адамның ресми айлық табысы 500 мың теңге болса, оның жылдық табысы 6 миллон теңге болады. Мұндай жағдайда барлық несиелер бойынша жалпы лимит шамамен 48 миллион теңге болуы мүмкін.

Егер қарыз алушының бұрыннан мынадай берешектері болса:

  • Автонесие – 15 млн теңге;
  • Тұтынушылық несие – 5 млн теңге;
  • Бөліп төлеу – 350 мың теңге.

Онда қарыздың жалпы қалдығы – 20,35 миллион теңге. Сәйкесінше, банк жаңа несиені тек қалған лимит шегінде ғана мақұлдай алады.

«Жаңа ережелер халықтың қарыз жүктемесін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, ипотека немесе автонесие үшін әзірге бөлек шектеулер енгізу жоспарланбаған – лимит барлық несие түріне ортақ болады», – дейді Ұлттық банктегілер.

Болашақта ипотека алуды жоспарлаған азаматтарға ұсақ несиелер мен бөліп төлеулерді алдын ала жауып, мерзімі өткен қарыздарға жол бермей, ресми табысын растау ұсынылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз