Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
24
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қарағанды облысында 10 мыңнан астам студент ашық сот процесіне қатысты

Сот процесіне офлайн форматта 400-ден астам студент қатысты. Сонымен қатар Zoom платформасы арқылы облыстағы 49 колледжден 10 мыңнан астам студент пен 368 оқытушы онлайн қосылды.

Сот барысында өз банк шоттарын үшінші тұлғаларға ақшалай сыйақы үшін пайдалануға берген, яғни «дропперлікпен» айналысқан азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істі қарау қорытындысы бойынша сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған мүлкін тәркілеусіз 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ жаза мерзімі бойы пробациялық бақылау белгіленді.

Мамандардың айтуынша, мұндай ашық сот процестері жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сананы арттыруға және жасөспірімдер мен студенттердің заңсыз әрекеттерге тартылуының алдын алуға ықпал етеді.

Прокуратура өкілдері азаматтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, кез келген құқыққа қайшы әрекет үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз