Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Бұрынғы сүйіктісінен қорлық көрген алматылық әйел көмек сұрады

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам бұрышта аңдып, ұстап алса қорқытуды әдетке айналдырған. Екеуі былтыр танысқан. О баста жақсы мінезімен көңілге жаққан, бірақ уақыт өте келе қызғаныштан қысымы үдеп, қол көтеруге шығыпты. Бір кездері Түркістанға барғанда әйелді қан-жоса қылып ұрып, кешірім сұрауға мәжбүрлеп видеоға түсірген де екен.

«Құлақтан ұрғанда қан атқылады. Сол кезде Алматыға аман оралу үшін бәріне көндім. Келгенде арыз жаздым. Шағымданғанымды білгенде ол аңдуды, қорқытуды бастады. Ұлтқа тіл тигізіп, бәрімізді өлтіремін деп қорқытты. Әлі де әлеуметтік желі арқылы шабуылдауын тоқтатқан жоқ», –деді жәбірленуші Карина Әбенова.

Арыздан соң ер адам екеуі жұп болған кезде кеткен шығынын қайтаруды талап еткен. «Тыныштық береді» деген үмітте Карина бар ақшасы мен телефонын берген көрінеді. Бірақ ер адам хабарламалармен қорқытуын тоқтатпапты. «Анам полковник, ол сені тапап тастайды» деген хаттар жазған.

35 жастағы алматылық әйел сұмдықтың бәрін әлеуметтік желіде жария етті. Содан кейін Түркістан мен Алматының полициясы бірден 2 қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге іздеу жарияланған.

«Қазір біздің мәліметімізше, күдікті еліміздің оңтүстік өңірінде. Міндетте түрде ұсталып жауапкершілікке тартылады», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, былтырдан бастап адамды еркінен тыс аңду, мазалау, хабарламамен қорқыту, бір сөзбен айтқанда «сталкинг» қылмыстық іс ретінде реттеледі. Ол үшін 865 мың теңге айыппұл, 200 сағатқа жұмысқа жегу немесе 50 күнге қамау жазасы қарастырылған.

Ал алматылық келіншек ер адамды бұл баппен ғана емес, одан бөлек ақша бопсалау, қорқыту, ұрып-соғу, ұлтараздықты қоздыру деректері бойынша тергеуді талап етеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз