Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтаулық оқушы қазақ мәдениетін дәріптейтін ойын әзірледі

Жобаның басты ерекшелігі – ойын кейіпкерлері жасанды интеллект арқылы жұмыс істейді. Олар ойыншымен еркін сөйлесіп, әр әрекетке қарай өзгеріп отырады. Соның арқасында әр ойынның өтуі ерекше болады.

Жас әзірлеуші бұл идеяның бала кезден пайда болғанын айтады. Ол бұрын көп ойын ойнаған, бірақ қазақ тілі мен мәдениетін көрсететін жобаны кездестірмеген. Сондықтан 2024 жылдан бастап геймдевті өзі үйреніп, осы ойынды жасауды қолға алған.

Жоба бірнеше байқауда жүлделі орындарға ие болып үлгерді. Атап айтқанда, республикалық ғылыми жобалар жарысында І орын алып, стартап байқауларында жеңіске жеткен. Сондай-ақ «Tauelsizdik Urpaktary» гранты аясында 1 миллион теңге қаржылай қолдау алған.

Айта кетейік, ойынның толық нұсқасы 2026 жылдың желтоқсан айында Steam платформасында жарияланады. Ал 2027 жылы мобильді қосымша ретінде де қолжетімді болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз